Адам өзін «бо­стан-бос­қа жа­ра­тыл­дым» деп ой­лай ма?
Адам өзін «бо­стан-бос­қа  жа­ра­тыл­дым» деп ой­лай ма?
10 жыл бұрын 2343
Қайрат Жолдыбайұлы

Әлем­де­гі кез кел­ген нәр­се бел­гі­лі бір мақ­сат­пен, арнайы хик­мет­пен жа­ра­тыл­ған. Әрбір жаратылыстың өзін­дік мән-ма­ғы­на­сы, мін­де­ті бар. Күл­лі жа­ра­ты­лыс Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бар­лы­ғын, бір­ екенді­гін біл­ді­ре­тін үл­кен кі­тап де­дік. Ұлы Ие­міз бұл алып кі­тап­ты адам оқы­сын, оқып Өзі­нің құ­ді­ре­ті­не, ше­бер­лі­гі­не таң­ға­лып, мақтау айт­сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жаз­ған. Тү­сі­ріл­ген Құ­ран да осы бір үл­кен кі­тап­тың тү­сін­дір­ме­сі, қоры­тын­ды­сы, маз­мұ­ны іс­пет­ті. Бұл ғалам атты алып кі­тап­та­ғы әр нәр­се ма­ғы­на­лы бір сөз, бір сөй­лем, тіп­ті бір кі­тап. Әрі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз осы алып кі­тап­ты адам­ның игі­лі­гі­не, қыз­ме­ті­не бер­ген. Жер­ден не­ше есе үл­кен Күн де, су да, ну ор­ман да, өсім­дік те, жан-жа­ну­ар да бә­рі-бә­рі «ләб­байк» деп адам баласына қыз­мет ету­де. Жал­пы әлем адам үшін жа­ра­тыл­ды де­сек ар­тық емес. Осы әлем­нің ішін­де адам­ның ор­ны мүл­дем ерек­ше. Өйтке­ні жер бе­тін­де­гі жал­ғыз са­на­лы тір­ші­лік иесі – адам. Ал ен­ді Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың бар­лық дү­ниені адам үшін жа­ра­тып, ал адам­ды бо­стан-бос­қа, еш мақ­сат­сыз жа­ра­тып, мәң­гі­лік­ке өл­ті­ре са­луы мүм­кін бе? Кіш­кен­тей ара­ны да ма­ғы­на, мақ­сат­пен жа­рат­қан Ұлы Жа­ра­ту­шы – Хаким Ие­міз­дің адам ба­ла­сын бо­стан-бос­қа мақ­сат­сыз жа­ра­тып, мәң­гі­лік­ке тір­ші­лік бе­ті­нен кел­мес­ке жі­бе­ре са­луы мүл­де мүм­кін емес. Құ­ран­да «Әл-Мү­ми­нун» сү­ре­сін­де:

﴿أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثاً وَأَنَّكُمْإِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ﴾

«Біз сен­дер­ді бо­стан-бос­қа жа­рат­тық, әрі өз­де­рің де Біз­ге ке­рі қай­та­рыл­май­мыз деп ой­лайсың­дар ма?» - де­лін­се, «Қиямә» сү­ре­сін­де: ﴿أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَن يُتْرَكَ سُدًى﴾ «Адам ба­ла­сы (еш сұ­рақ алын­ба­стан) бас бос қоя бе­рі­ле­мін деп ой­лай ма?» - де­лі­не­ді.

0 пікір