«Шайтан да болса бойсұнады...»: Атеистің қайырымдылығы және сенімге келуіне себеп болған сомалилік әйел (әңгіме)
«Шайтан да болса бойсұнады...»: Атеистің қайырымдылығы және сенімге келуіне себеп болған сомалилік әйел (әңгіме)
10 ай бұрын 3161

Бұл оқиға Британияда болған. Британияда бір Сомали елінен көшіп келген мұсылман кедей отбасы тұрыпты. Кәмілетке толмаған балалары болған. Күндердің бірінде сол үйдің отанасы радиостанцияға телефон шалып, көмек сұрапты. Радио жүргізушілер адресін алып, көмек берем деушілер болса, осы адреске хабарласа алады деп мекен-жайын мен байланыс телефонын жариялапты.

Сол сәтте бір ағылшын атеист адам да радио толқынын тыңдап отыр екен. Радиодан көмек сұраған сомалилік әйелге қайырымдылық жасайын деп ойлайды, алайда ризықты құдай емес, адам береді дегенді ұқтырғысы да келеді.

Сонымен, жұмыс орнына келіп өзінің хатшысына әлгі сомалилік мұсылман әйелдің адресін тауып, оған бір апталық азық-түлік апарып беруін тапсырыпты. Хатшысын жіберіп жатып:

- Егер әйел бұл қайырымдылықты кім жіберді деп сұраса, оған «шайтан жіберді» деп айтқын! - деп табыстайды мысқылдап.

Хатшысы бөлінген ақшаға азық-түлік пен керек-жарақтарды сатып алып, артынып-тартынып сомалилік әйелдің мекен-жайына барыпты. Соншама ырзықты көрген әйел қатты қуанып, алғысын айтыпты. Сосын келген сөмкелерді, құтыларды үйіне кіргізе бастапты, алайда кім жолдағанын сұрамапты. Соңында хатшы оған қарап:

- Мұнша азық-түлікті кім жібергенін білгіңіз келмей ме? - деп сұрайды.

Сонда сомалилік әйел:

- Жоқ, білгім келмейді. Шынымды айтсам, кімнің жолдағаны пәлендей маңызды емес. Өйткені, Алла Тағала бір нәрсенің болуын қаласа, шайтан да болса бойсұнады! - деп жауап беріпті. Хатшысы не дерін білмей, бұрылып кетіп қалыпты. Кейіннен әйелдің айтқан сөзін естіген атеист ойланып қалыпты.

Осы оқиғадағы сомалилік кедей әйелдің есімі Фатима екен. Ал оған қайырымдылық жолдаған атеистің есімі Тимоти Уинтер деген кісі деседі. Сол оқиғадан кейін біраз уақыт өтіп әлгі атеист мұсылман болып, есімін Абдулькәрім Мұрад деп ауыстырған. Исламға кіргеннен кейін Исламды терең зерттеп «Ислам теологисы және ислам мен христианның арақатынасы» атты диссертация жазған. Бүгінде Абдулькәрім Мұрад «Кэмбридж Ислам колледжінің» деканы деседі.


 Араб тілінен аударылды.

А. Қасым

 

0 пікір