Хазірет Айша анамыз айтады:
«Бірде бір әйел келді. Қасында екі қызы бар екен. Менен көмек сұрады. Алайда, менде бір құрмадан басқа беретін ештеңе жоқ болатын. Соны бердім. Әйел құрманы алып, екіге бөліп қыздарына берді. Өзіне ештеңе қалдырмады. Сосын олар шығып кетті. Артынша расулалла кіріп келді. Болған жағдайды айтқанымда: «Кім осылай қыздармен сыналып, қыздарына жақсы қараса, қыздары ол үшін оттан (қорғайтын) перде болады»1 деді.
1 Бұхари, Зекет 10, Әдеп 19; Мүслим, Бирр 147; Тирмизи, Бирр 13