«Пайғамбарсыз-ақ тура жолды табар едік қой» деген адамға жазушының берген жауабы
«Пайғамбарсыз-ақ тура жолды табар едік қой» деген адамға жазушының берген жауабы
5 жыл бұрын 4605

ХХ ғасырда өмір сүрген атақты түрік жазушысы, ақын, драматург Нәжіп Фазыл Кысакүрек Стамбулда пароходқа мініп, қаланың қарсы тарапына кетіп бара жатыпты**

Газет оқып отырған атақты жазушыны кемедегілердің бірі танып, қасына барады да әңгімеге тартып ананы-мынаны айтып отырады. Бірақ жазушының әңгімелесуге онша құлқы болмай, газетін оқып отыра беріпті.   

Содан жаңағы адам Нәжіп Фазылды әңгімеге тарту үшін: «Тақсыр, мен осы түсінбеймін, Пайғамбарлар неге жіберілген? Біз оларсыз-ақ, тура жолды табар едік қой» депті. Нәжіп Фазыл газетінен басын көтеріп, әлгі адамға: «Онда неге пароходқа міндіңіз? Арғы шетке малтып-ақ жетер едіңіз ғой!» депті де газетін әрі қарай оқи беріпті


**(Стамбул қаласын "Босфор" бұғазы екіге бөліп тұр. Қаланың бір жағы азия, екінші жағы европа саналады. Қаланың арғы жағы мен бергі жағына қатынайтын арнайы пароходттар қызметі қарастырылған. Оны түрікше «вапур» дейді).

А. Қасым 

0 пікір