Алланы таныған арифтардың бірі бір байдан: «Байеке, сен дүниені көбірек жақсы көресің бе, әлде күнәны ма?» - деп сұрапты. Бай: «Дүниені» деп жауап беріпті. «Дұрыс айтпадың», - депті сонда ариф сөзін жалғап: «Менің байқауымша, сен күнә мен обалды көбірек жақсы көресің, өйткені өлгенде сен өзіңмен бірге дүниеңді емес, осыларды алып кетесің. Егер ер болсаң, дүниеңді күнәсіз түрде өзіңмен алып кетуге тырыс. Рас, дүниені жақсы көрсең, оны жақсы істер жасап, өзіңнен бұрын Раббың жаққа жібер, барғанда оларды сол жерден табасың. Ісіңе жарайтын болады».