«Менің Құдайым мені әрдайым көріп тұр!»
«Менің Құдайым мені әрдайым көріп тұр!»
1 жыл бұрын 1890
Ғибрат-хикая

Мысыр билеушісінің жары Зүлейха, Юсуф пайғамбарға (ғалейһиссәләм) өлердей ғашық болып қалып, оны күнәға тартпақшы болады. Алайда, жүрегіне Құдайдың нұры түскен пәк ниетті жас Юсуф оның арам ойына көнбей қояды. Бірақ та бәрібір дегеніме жетем деген әйел жас Юсуфты өзінің бөлмесіне шақырып, теріс ойын жүзеге асырмақшы болады, одан бұрын ол бөлмесіндегі қолдан жасалған құдай пұтты бір матамен жауып қояды. Ондағысы - сыйынатын құдайы оның күнә ісін көріп қоймасын дегені. Жас Юсуф Зүлейханың бөлмесіне кірген бойда, Зүлейха Юсуфке ұмтылады. Алайда, жас Юсуф оны жақындатпай, қашады. Сонда оның артынан Зүлейха айқайлап:

- Сенде ұят жоқ екен, неге қашып бара жатсың? - десе, жас Юсуф ғалейһиссәләм оған:

- Сен тастан жасалған мылқау, көр жансыз бір пұтты, күнә ісіңді көрмесін деп ұялып, бетін жауып қойыпсың. Менің Раббым болса, тірі әрі мені әрдайым көріп тұр, қалайша мен одан ұялмайын?! - деп, ұзақтай беріпті. 

Ғибрат:

«Біз қай жерде болсақ та, не істесек те, бізді көріп тұрған және бізді естіп тұрған Жаратушымыз бар екенін ұмытпауымыз керек. Ол біздердің жасырын да, жария да істерімізді көреді, біледі. Сондықтан да, әлдебір күнәға немесе кісі ақысын жейтін кезде, сізді бір ұлы бақылаушы бақылап тұрғанын есіңізге алғайсыз!».

0 пікір