Мен Раббыма разымын
Мен Раббыма разымын
9 жыл бұрын 6678

Ибни Омар бізге мынаны айтуда: «Расулалланың (алайһис салату уә сәлләм) жанында болған бір кезімде Әбу Бәкір де сонда еді. Үстіне шапан киіпті. Шапанның жыртықтары мен жамаулары көрініп тұрды. Осы күйде тұрғанында Жәбірейіл келіп «Уа, Алланың елшісі, Әбу Бәкірге не болды, шапаны ескіріп кетіпті әрі жамау-жамау» деді. Расулалла (алайһис салату уә сәлләм) жауап ретінде былай деді: «Ол Меккені азат еткенге дейін (фатх) бүкіл дүниесін маған жұмсады». Жәбірейіл: «Алла саған Әбу Бәкірге сәлем айт та сұра осы кедейлігіне разы ма әлде ашулы я мұңаюлы ма?» деді. Хазірет Әбу Бәкірдің жауабы: «Мен Раббыма ашуланбақпын ба? Мен Раббыма разымын. Мен Раббыма разымын. Мен Раббыма разымын». Осыны естігенде Расулалла (алайһис салату уә сәлләм) былай деді: «Алла саған былай деуде: «Маған разы болғаныңдай Мен де саған разымын». Бұны естігенде Әбу Бәкір еңкілдеп жылап жіберді».

5 пікір
  • BQ
    МаШаАлла, не деген тандаулы, бирегей тулгалар десенши. Аллага разы болган, Алла олардан разы болган деген кулдар осы кисилер екени созсиз. Мундай дареженин алдында билик-мансап, дуние мулик, доллар-еуро, виллалар мен аралдар, самолет пен кымбат коликтер т.б. куны кок тиынгада татымайды гой. Бир Алланын разылыгына ие болу не деген сый десенизши? Алла сиздер мен биздерден осылай разы болса екен, ИнШаАлла. Ал калганынын бари матагул гурур гой.
    9 жыл бұрын
  • Неткен ғаламат! Не деген игі-жақсылар еді... Өксігім тамағыма тұрып қалды-ау...
    9 жыл бұрын
  • Раббым ретінде Алладан, Дінім ретінде Исламнан, Пайғамбарым ретінде Мұхаммед Мұстафадан (с.а.у.) разымын!
    9 жыл бұрын
  • Құлдың Аллаға разылығы – бұ дүниедегі бақыты, Алланың құлына разылығы – пенденің екі дүниедегі бақыты.
    9 жыл бұрын
  • Маш Алла шығыс енді көзге жас келді. Алланың пендесіне разылығы ол неткен бақыт десеңізші, Алла разылгын сіз бенен бізге Аллам нəсіп етсін.
    9 жыл бұрын