Он сегіз мың ғаламның Раббысы Ұлы Алла Мұса пайғамбарға:
-Ей, Мұса! Маған күнәсіз ауызбен дұға ет, - деп бұйырады.
-Уа, Раббым, менде ондай ауыз жоқ қой, қалайша саған күнәсіз ауызбен дұға етейін? – дейді Мұса ғалейһиссәләм. Сонда Алла Тағала:
- Басқалардың аузымен дұға еткін. Себебі, басқалардың аузымен күнә істемейсің. Сондай ізгі іс жасағын, ел-жұрт күндіз-түні саған дұға етумен болсын. Немесе өз аузыңды тазала. Алланың аты таза. Алланы зікір еткен ауыз тазарады, - деп бұйырыпты.
«Мәснәуи Шәриф». Мәуләна Ж. Руми.
©️ islam.kz