Қыран бүркіт ағаштың төбесінде қонақтап, ештеңе істемей демалып отыр екен. Оны көрген қоян:
- Маған да, сіз сияқты ештеңе істемей отыруға бола ма? – деп сұрапты.
- Әрине. Неге болмайды? – депті қыран бүркіт.
Содан, қоян ағаштың түбіне жайғасып, ештеңе істемей демалуға кірісіпті. Кенеттен бұтаның арасынан түлкі шыға келіп, жайбарақат демалып отырған қоянды бассалыпты да жеп қойыпты...
Алынар ғибрат:
«Ештеңе істемей отыру үшін, өте жоғарыда отыруыңыз керек!». )
islam.kz