Жер қабылдамаған
Жер қабылдамаған
8 жыл бұрын 25073

Нәжжар ұлдарынан бір христиан бар еді. Алғашында мұсылмандықты қабылдап, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқып жүреді. Пайғамбарға (с.а.у.) уаһи жазып беретін. Сол кісі кейіннен қайтадан христиандыққа қайтып, «Мұхаммед ештеңе білмейді. Тек менің жазып бергендерімді ғана біледі» деген сөзді тарата бастайды. Ол өлген соң христиандар оны жерлейді. Алайда, жұрт ертеңіне оның денесін қабірдің сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Сонда христиандар: «Бұл - Мұхаммед пен сахабаларының ісі. Өздерінен кеткен соң бұл бауырымыздың кебінін шешіп, денесін далаға тастап кетті» деп жала жабады. Терең шұңқыр қазып, оны сол жерге көмеді. Бірақ, ертеңіне оны жердің тағы да сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Христиандар бұған тағы да мұсылмандарды айыптайды. Бір жерден тағы да шұңқыр қазады. Бар күштерін салып тереңдетіп қазады. Бірақ, ертеңіне дененің тағы да сыртта жатқанын көреді. Сонда христиандар бұл істі адамдардың жасамағанын түсініп, мәйітті көмбей қалдырады. Хазірет Пайғамбар бұл кісі өлген кезде «Жер оны қабылдамайды» деп ескерткен екен.

3 пікір
  • Omir
    Пайғамбарға (с.а.у.) уаһи жазып беретін. дегенді қалай түсінуге болады
    8 жыл бұрын
    • Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне түскен аяттарды кейбір сауатты кісілерге жазғызатын. Жалпы саны қырық шақты сондай кісілер пайғамбарға түскен уахиларды жазу арқылы аяттардың сақталуына атсалысқан. Оқиғада сондай құрметті деңгейде болған бір кісінің кейіннен өзге дінге өткені баяндалған.
      8 жыл бұрын
  • Мен Ленинди жер кабылдамаган сондыктан жерленбеген деп естиген едим.Олда куранды билген,бирак Аллага мойынсунбаган деседи.Сол рас па?
    8 жыл бұрын