Баяғыда екі балташы өмір кешіпті. Екеуі күнде орманға барып ағаш шауып қайтады екен. Балташының бірі ерте тұрып, таңсәріден ағаш шабуға аттанады екен. Бір ағашты шауып құлатса, келесісіне өтеді, осылай күні бойы тыным таппай тынығуды білмейтін болыпты. Күн батқанда да әбден қараңғы түскенге шейін ағаш шауып, серігінен кеш қайтады екен.
Ал екінші балташы болса, асықпай күн шыққанда келеді. Түс уақытында бір мезгіл мызғып алады. Кешке күн батар-батпас балтасын алып үйіне қайтады екен.
Бір аптадан кейін шапқан ағаштарының санын есептепті. Есептеп қараса, белсенді еңбекқордың шапқан ағашының саны, серігінің шапқан ағашынан аз болып шығыпты. Бұлқан-талқан болған ол, серігіне:
- Неге олай? Мен сенен гөрі көп еңбектендім. Ісіме ерте бастаймын, кеш қайтамын. Бірақ бәрібір менің шапқан ағаш саны аз, ал сенікі көп. Оның сыры неде? - деп сұрапты.
Сонда серігі жымиып:
- Пәлендей сыр жоқ. Сен тоқтамай ағаш шауып жатқаныңда, мен ара-сыра демалып балтамды қайрайтынмын. Өйткені, өткір балтамен аз күш жұмсалады, көп ағаш шабылады! - деген екен. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Түрік тілінен аударылды.