Дауасыз дерт
Дауасыз дерт
10 жыл бұрын 6058

Ибн Синадан «Дүниеде дауасыз дерт бар ма?» - деп сұрағанда ол: «Жақсының жаманға ісі түссе, дауасыз дерт деген сол» деген екен.

 

Ұялмасақ та болады екен

Мәруани патшасы Уәлид досы Абдулламен шахмат ойнап отырғанда есіктегі күзетші келіп: «Мырзам, діндар бір кісі келіп тұр, сізге жолыққысы келеді» дейді. Діндар дегенге патша дереу шахматты тығып, қонақты ішке қабылдайды. Келген кісінің басындағы дағарадай сәлдесі мен иегіндегі сақалы оған аса тақуа адамның кейпін беріп тұр еді. Қонақ «Соғыстан келе жатыр едім, сізге сәлем бере кетейін дедім» дейді. Уәлид патша мен келген кісінің арасында мынандай әңгіме жүріпті. Патша сұрақ қоя бастапты:

– Құранды жатқа білесің бе?

– Жоқ.

– Жаттаған хадистерің бар ма?

– Жоқ. 

– Қандай да бір білімпаздардың ойлы сөздерін, немесе әйгілі ақындардың өлеңдерінен білесің бе?

– Бұл тақырыптарға еш қызыққан емеспін.

– Хикметті сөз я оқиға айта аласың ба?

– Оларға да еш көңіл бөлген емеспін.

Уәлид қонақтың бұл жауаптарын естігенде, жанындағы досына былай депті:

«Абдулла, кел, бағанағы шахмат ойынымызды аяқтайық. Келген бұл кісіден ұялатындай ештеңе жоқ екен».

3 пікір
  • Қандай ой-түйсік бар? Мен түсінбедім
    10 жыл бұрын
  • Айдын, патша дін адамын қатты сыйлайтын, көргенді, білімді кісі екен. "Дін адамы келіп тұр" дегенде, ойнап отырған шахматын тыққаны содан, дін адамынан ұялғанынан. Сондада оның /дін адамының/ діни білімінің деңгейін білгісі кеп, әлгі сұрақтарды қойғанда, ол, патша ойлағандай , ұялуға тұрарлық дін адамы болмай шығады да, досымен шахмат ойынын жалғастыруды өтінеді. /Сізге дұрыс түсіндіре алдым ба, білмеймін./
    10 жыл бұрын
  • Дін адамымын деп айтуға келген қонақтың өзі ұялу керек екен негізі.
    10 жыл бұрын