Бидай - құмырсқаның жылдық азығы
Бидай - құмырсқаның жылдық азығы
10 жыл бұрын 6817

Патша мен құмырсқа Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады. Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жартысынғанажегенекен.Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын сұрайды. Сонда құмырсқа: – Негізі, менің жейтін несібемді Алланың өзі беретін. Ол беретін кезде мен еш нәрсеге алаңдамай, еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды енді сен беретін болған кезде: «Әй, түптің түбінде пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деген сақтықпен маған берілген бидайдың жартысын ғана жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның мәнісі сол еді, – деп жауап берген екен[1]. 

[1] Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, Итанбул 2000, с. 60-61

1 пікір