Азиз Махмұд Худайы есімді әулиенің керемет көрсетуін сұраған патшайымға айтқаны
Азиз Махмұд Худайы есімді әулиенің керемет көрсетуін сұраған патшайымға айтқаны
4 жыл бұрын 7518 www.yenisafak.com/
Абдусамат Қасым

XVI-XVII ғасырларда қазіргі Түркия жерінде Азиз Махмұд Худайы есімді ғалым, сопылық жолын ту еткен әулие кісі өмір сүрген. Мешіттерде тәпсір, хадис, фиқһ т.б. дәрістерімен бірге, рухани тәрбие сабақтарын да жүргізген ол көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарған. Өзінің біліктілігі және даналығымен қоса, Аллаға жақын тақуа жан еді. Кереметтері де бар етін. Халық арасында аса сыйлы еді. Азуын айға билеген неше Османлы падишахтары оның жанына келіп, насихатын тыңдап, ақыл-кеңесін сұрап тұратын.

Бір күні Османлы халифатының 14-ші падишахы Сұлтан Ахмед Хан мен анасы Уалида Сұлтан екеуі насихатын тыңдау үшін оның мектебіне келеді.

Сұхбат барысында Азиз Махмұд Худайы дәретін жаңалағысы келіп, құмған мен леген алдыртады. Дәрет суы келген заматта Сұлтан Ахмед Хан құмғанды шапшаң қолына алып, Азиз Махмұд Худайының қолына су құяды, ал анасы Уалида Сұлтан болса қолына сүлгісін ұстап күтіп тұрады. Сол мезетте анасы Уалида Сұлтан іштей: «Бұл кісінің көрсеткен ғажайып кереметтері халық аузынан түспейді, бізге де бір кереметін көрсетсе болар еді» деп ойлайды. Бірақ, іштегі тілегін хазіретке айтудан тартынады. Алайда, сұлтанның анасының ішіндегісін айтпаса да біліп тұрған Азиз Махмұд Худайы, Уалида Сұлтанның қолынан сүлгісін алып жатып:

«Ғажап! Базы адамдар біздің кереметімізді көргісі келеді екен. Бірақ, жер жүзінің әміршісінің өзі қолымызға су құйып, ал қадірменді анасы Уалида Сұлтан сүлгімізді дайындап тұрғанда, бұдан асқан керемет бар ма?!» деп айтқан екен.

 islam.kz

0 пікір