Әзіреті Әли және жүзім (ғибрат хикая)
Әзіреті Әли және жүзім (ғибрат хикая)
10 жыл бұрын 12169

Бірде Хазіреті Әли (р.а.) бір христианның үйінде қонақта болыпты. Әлгі христиан дастарханға әуелі жүзім әкеледі. Хазіреті Әли (р.а.) жүзімді тамсана жейді. Артынша жүзімнен жасалған шарап әкеледі. Бірақ Әли (р.а.) шарапты «харам» деп ішпейді. Сонда христиан: «Мен мұсылмандарға таңғаламын. Жүзімді халал дейді де, бұдан жасалған сусынға харам дейді», – депті. Сол кезде Хазіреті Әли (р.а.): «Әйелің бар ма сенің?», – деп сұрайды. Христиан: «Бар», – деп жауап береді. «Ал қызың бар ма?», – депті Әли. Христиан болса: «Қызым да бар», – депті. «Ендеше екеуін бері қарай шақыр», – дейді Әли (р.а.). Христиан әйелі мен қызын шақырады. Әли христианға: «Бұл қыз әйеліңнен туған. Солай емес пе? Бірақ, Алла Тағала, көріп тұрғаныңдай, әйеліңді саған халал қылды да, қызыңды харам қылды», – дейді шарап пен жүзім де осы секілді дегендей. Әлидің ұтымды жауабына христиан бір сәтке тосылып қалады да, оның тапқырлығына қайран қалып, барлық көкейдегі сұрақтарын сұрай бастайды. Соңында халифаның қолын сүйіп, Ислам дініне өтеді. 

3 пікір
  • Керемет түсіндірілген. Ертеректе мен де осы бидайдан нан да жасалады, арақ та жасалады қалайша халал деп ойлайтынмын..
    10 жыл бұрын
  • Керемет
    10 жыл бұрын
  • Кейде сол жүзім де, бидай да арам болады (егер ұрланған немесе басқа да рұқсат етілмеген жолдармен келген болса).
    7 жыл бұрын