Әркім ақыретте сүйгенімен бірге
Әркім ақыретте сүйгенімен бірге
10 жыл бұрын 4738

Бірақ адам сүйгенімен бірге болып, шын бақытқа жету үшін намаз оқу керек. Сахабалардың бірі Рәбия (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.) қызмет ететін. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рәбияға (р.а.):

– Менен қалағаныңды сұра, – деді. Рәбия (р.а.) күлімдеп, ойланбастан:

– Жұмақта сенің досың болғым келеді! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Басқа нәрсе сұрасаң болмаушы ма еді? 

– Бұдан басқа арманым жоқ! – деді. Алланың елшісі (с.а.у.):

– Олай болса көп сәжде қылып (намаз оқып), өзің үшін маған көмектес, – деген болатын.

0 пікір