Әулие кісілердің бірі Абдулқадир Гейлани бір сұқбатында былай деген екен:
Әй, балам! Саған тақуалық керек. Осы себепті тақуалықтың талаптарын орындауға тырыс, сонда жүрегің ішкі жауыздықтар мен нашар мінездерден арылады. Ізгілікке бағыт түзейді.
Әй, балам! Дүние жиғанда түнде отын жинап, бірақ қолына не түскенін білмеген әлдекім секілді болма! Қолыңа түскен дүниенің адал ма, арам ба екеніне көңіл бөл! Барлық іс-әрекетіңде таухид пен тақуалықтан айырылма!
Арам мен адалға көңіл бөл!
|