Күндердің күнінде әлемдегі ең бай отбасынан шыққан еврей барон Ротшильд деген кісі болыпты. Ол дәулеті көбейген сайын сараңдық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруден бас тартады. Содан бір күні Илья есімді еврейлердің көсемі оған келіп:
— Сен дүниеге беріліп, ақыретті ұмыттың. Айналаңдағы адамдардың қамын ойламайтын жағдайға жеттің. Бұның қалай? — дейді. Ротшильд мысқылдап жауап бермейді. Илья сөзін жалғап:
— Дәл осылай жалғаса берсе арам өлесің, білемісің? — дейді. Ротшильд:
— Мен өлсем ең ұлы әрі беделді 10 еврей тәнімді қабірге дейін жоғарыға көтеріп, мадақтап жаяу апарады, — дейді. Илья бұл әңгіменің нәтижесіз болатынын түсініп, қолын сілтеп, теріс бұрылып кетіп қалады.
Арада күндер өтіп Ротшильд сарайын аралап, қазынасын бір бақылап көруге бел буады. Оның сарайы өте үлкен болатын. Қазынасы жертөледе сарайдың бір шетінде орналасқан еді. Қазына жасырынған бөлменің есігі ауыр темірден жасалған. Содан Ротшильд есікті ашып ішке кіреді, алайда кілтті құлыпқа салған бойда сыртта ұмытып кетеді. Ол сейфтерді тексеріп жатқанда кенет темір есік артынан жабылып қалады. Ротшильд жанын салып есікті ұрып, айғайлай бастайды. Бірақ сарайдың үлкендігі мен темір есіктің қалыңдығы сонша оның дауысы алысқа жетпейді. Шығуға қанша тырысқанымен бәрібір шарасыз қалады. Осылайша Ротшильд әлемнің жартысын сатып алатын қазынаның арасында аштан арам өледі. Оның денесі екі аптадан кейін ғана табылған екен.