Ағаш та сәжде жасайды
Ағаш та сәжде жасайды
10 жыл бұрын 5261

Ибн Хармала жеткізген өсиетнамада былай делінген: Сайд ибн Мусаййабтың күндізгі құлшылығын біз білетінбіз. Бірде оның түнгі құлшылығы жайлы сұрадық. Ол әр түні «Сад» сүресін оқитынын айтты. Себебін сұрағанымызда: «Аңсарлықтардың біреуі бір ағаштың түбінде намаз оқығанда «Сад» сүресін оқиды екен. Сәжде жасағанда әлгі ағаш та сәжде жасағанын көреді. Сонда ағаш: «Алла Тағалам! Бұл сәждем арқылы менің ауыртпалығымды жеңілдете гөр! Саған деген шүкіршілігімді арттыр! Дәуіттің (а.с.) сәждесін қабылдағаның секілді менің де сәждемді қабыл қыла гөр!» – деп дұға қылған екен».

1 пікір