Әлихан Бөкейханның Рамазан айы туралы "Қазақ" газетіне жазғаны
Әлихан Бөкейханның Рамазан айы туралы "Қазақ" газетіне жазғаны
6 жыл бұрын 17893

Жыл он екі айдың ішіндегі ең қадірлі, ең артық һəм ең құрметті айы болған Рамазан айы жақындау себепті əр кімнің аузына «Ораза болып қалды» деген сөздер кіре бастады. Бұл айдағы қылған құлшылық,істелген істердің «О дүниедегі сауабы сондай боладыны» қоя тұрып біз мұның артықшылыгын өзімізше һəм замана, адамшылық, ұлтшылық істері жағынан қарап біраз тексеріп өтейік. Ораза деген атынан-ақ басқа жақтары халықтың өздеріне де белгілі болар.

Біз бұл орында ол ретін жазбай-ақ өтуді лайық көрдікЖалғыз-ақРамазан айы əр жердегі халықтардың бастарын қосыпбір-бірінің халдерімен танысуғапақырлардың халдерін ескертіполарға жəрдем беругежұртқа теңдік-құрдастықынтымақ-бірліксаулық-тазалық һəм құлшылық-құдайшылық сияқты істерді үйретуде басқа айлардан көрі көп артықСондықтан халық қасында басқа айларға қарағанда мұның қадірқұрметі де зорТек біз бұл орындабіздің халық осындай қадірліқымбат айды немен өткізбекҚұдайшылыққұрдастықістерінде нендей іс көрсетпек болғанда ондай көңілдің жіңішке жерінен шыққан қадірлі қызметтерін кімге көрсетпек һəм кімге бермек деген сауалды шешумен ғана тоқтаймызМұны бізге баяндаудан мақсұтРамазан айы кіргенде бүтін ислам дініндеті халық, оның ішінде əсіресе біздің қазақ, бұл айды артықша шат көңілмен өткізуге тырысады.

Маңдайының терін сыпырып тапқан малдары зекетке толсазекетке шығарған малдарынпітір-уəжіп садақаларын молдаға беріпжарық-тықтардың батасын алуоларды басқа айлардағы істерінен гөрі артықша құрмет ету һəм өздерінше пақырлардың халдерін қайғырып олардың тұрмыстарына өздерінің садақаларымен жеңілдік беру барОның үстіне опат болған жақынынтуғандарын осы айда ескеру барБұлары қарындастық ретімен қарағанда өте қолайлы істерденБірақ түптеп тесе қарап тексеріп келсек зекетпітір һəм басқа уəжіп садақалардың берілетін кісілері жалғыз молдалар ғана болмасатақырқойшы-қолаң көрші яки бірер шəкірт мұғалімдер ғана болып шықпайдыПақырмұқтаж жалғыз бұлар ғана емесөзіне-өзі жетпейқысқа жіп күрмеуіне келмей мұң-мұқтажы көпұлттығын сақтау үшін тіршілік ретіндегі ғылымға сусаған халық пақырмұқтажПақырлықмұқтаждық деген нəрселер шаруа мінезкүн көру турасында адам баласының ділгерлікке түсіп дағдарып тұруынан ғибратБұл дағдарыс бір кісініңбұрып айтқанда бірер молда-ның басында ғана емесбүтін халықтың ұлттың басындаƏсіресе біздің қазақ сияқты білім-өнерден құралақаноны берерлік білім жұрттарынан да бос тұрғаноқушылары азболғандарының қалтасы жоқ болған халық нағыз мұқтаждықтағы пақыр халық боладыМұндай пақыр халықтың оқу-білім жұрттарын көбейтуге тырысыпоқушыларын арттырып мұқ-таждығын шығаруға қызмет еткен кісілербайлар құдайшылықадам-шылық істерін екі дүниеде де өтеген зор сауапты болады.

Құран кəрімдегі баян етілген садақа орындары да осы негіздерге құрылып айтылған:

1. Құрандағы айтылған «пақыр» деген сөздің мағынасы бір кісінің,болмаса көптің мұқтаждығын шығару деген сөзБұған ұлт мұқтаждығы да кіредіМұны шығарам деген ұлтқа ие керекСол керегін жетілдіру үшін Алла тағала «садақаларында мұқтаж болған адамдарға беріңдер»деп көптің қамыт ойға салып айтқан.

2. «Ибн ассубилге» беріңдер дегенБізше жол баласыБұған мұқ-таждық халдегі жолаушылар мен нақықсыз туған балалар (бұл бізде жоқ), шаһарлы жерлерде көп боладыанасы асыраушысы болмағандықтан тапқан баласын көшеге тастап кету реті кіредіБұлай туған балаларды да тəрбие етуді жұрт үстіне міндетті қылып артқанБұл ұлттың мұқтаждығын көздеуде ақылды негізбен құрылған бір жолСондықтан бұл реттен қарағанда да садақалардың ұлт мұқтаждығын шығару үшін қойылынған жұрттарға ұсталынатындығын көрсетеді.

3. «Фи субил-аллаға» беріңдер дегенБұған оқу жолындағы барша шəкірттер мен ұлт мұқтаждығын өтейтін орындар кіредіБұл үшінші орында жоғарғы айтылған екі орыннан көрі садақаларды халық мұқтаждығына жұмсау да ашығырақ баян етілген.

4. «Уа алғараминге» беріңдер дегенБұл бұрыш басып сасып тұрған адамБұған садақа беріп көтеріп жіберуде де зор мағына барҚысқасықалай ойласақ та садақаларды Алла тағала адам баласын ділгерліктен шығару үшін беруге бұйырғанХалық та сол ділгерліктетінің бірі.Бесінші реттен көрсетіпмұны да айтап өтейікАлла тағала Құран кəрімде пайдалы орынға өздеріңнің сүйген нəрселерің мен малдарыңды шығармай тұрып ізгілікжақсылық деген нəрсеге жетісе алмайсындар деп бүтін адам баласын шын көңілімен ұлт ісіне қызмет етуге қызықтырады.Егер ұлт ісінің керегі болмасаол ұлт ісіне мұндай уəжіп һəм зекет сияқты садақаларды ең сүйген малдарыңнан беріңдер деп қызықтырмас едіМұнан көрініп тұрсүйген малдарынан садақа шығару бір кісіге ғана емесбүтін ұлт ісі екендігіƏр нешік мұндай парызуəжіп-садақалар бір кісінің пайдасына ғана емесбүтін ұлт пайдасына беріледіОл ұлт пайдасы мектепмедресе сияқты жұрттар салыпбала оқыту секілді істерде табылады.

 

2 пікір