Абдуррахман ибн Мұхаммед ибн Халдун (1377-1406ж) - орта ғасырға таяу уақытта өмір сүрген алғашқы мұсылман әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, әрі тарихшы ғұлама. Оның атақты «мұқаддима» атты кітабы, алғашқы әлеуметтану саласына қатысты жазылған еңбек деуге болады. Ол кітапта әртүрлі халықтардың мәдениеттерімен қоса, мемлекеттердің дамуы мен құлауларының себебін, қоғамның дамуы мен тоқырауын және оған жетелер себептерді, әртүрлі халықтардың жағдаяттарын баяндаған. Осыған қарай, "әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы Ибн Халдун еді" деп сенімді түрде айтуға болады.
Бүгін «қандай хайуанның етін жесе, сол хайуанның мінезі адамға қалыптасады» деген гипотезаға мысал болар, аты аталған әлеуметтанушы ғұламаның мынадай тұжырымын беріп отырмыз:
1) Арабтар түйе етін жеп, түйеден жігерлілік (немесе қызғаншақтық) пен дөрекілікті алды (яғни, бойларында сондай мінез қалыптасты).
2) Түркілер жылқы етін жеп, одан қызу қандылық пен қуаттылықты алды (сондай мінез қалыптасты).
3) Европалықтар доңызды жеп, одан намыссыздықты алды. (Арабша нұсқасында «дияса» делінген. Ол – әйелін қызғанбайтын және оның теріс жүрісіне ұялмайтын дәюс адамды білдіреді. Біз оны мұнда «намыссыздық» деп аударып отырмыз-ауд).
4) Африкалықтар маймылды жеп, одан ду-думан, ойын-сауық құштарлығын алды (қалыптастырды).
А. Қасым