Құмшық ата мешіті (фото)
Құмшық ата мешіті (фото)
5 жыл бұрын 7740

Құмшық-Ата мешіті - Х-ХІІ ғасырларда салынған жер асты сәулетті ескерткіштердің бірі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезінен оңтүстікке қарай бір шақырымға жуық жерде, ашық далада орналасқан.

Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық-Ата мешіті - екі бөлмелі, ұзынша келген (10-ге метрге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 метрге жуық, биіктіктігі 1,6 метр төртбұрыш пішінінде, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген.

 Осы бөлмеге тиіп тұрған шеңбер пішініндегі бөлменің, диаметрі 2,5 метр және биіктігі 2 метрге жуық күмбезбен жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі бөлмелер сияқты күйдірілген кірпіштен қаланған және күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, күн шуақтарымен жарықтандыру үшін, диаметрі бір метрдей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке апаратын есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлмелердің қабырғаларында шырғадан қоюға арналған кішкентай қуыстар жасалған. Бүкіл құрылыстың іші құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық-Ата атымен байланысты айтылады. 



(Фото: kz.otyrar.kz)

Зерттеулерде Құмшық-Ата мешітін ХІІ ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды. Құмшық-Ата мешітін 1973-1974 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетекшісі Т.Н.Сенигова) зерттеген. Ескерткішке 1985 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2003 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекет қарауына алынған[1]


(Фото: didarbek.kz)

Координаттары: 43˚17.424΄, 068˚16.523΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Күйген қыштан қаланған сәулеттік құрылыс Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. 1972-73 жылдары Қазақ ССР тарих, археология, және этнография иниституты және Қазақ ССР Мәдениет министрлігімен бірлескен археологиялық экспедиция зертттеу жүргізген бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.

2013 жылы қайта қалпына келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды.

1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.12 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 6,0 га[2].  


Дереккөз:
[1] https://www.inform.kz/kz/
 
[2] http://azretsultan.kz/

0 пікір