Қазақ күн-түн мезгілдерін қалай атаған?
Қазақ күн-түн мезгілдерін қалай атаған?
6 жыл бұрын 6522
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Алакеуім – жер беті толық жарықтанбайболар-болмас бозғылт тартқан мезгіл.

Құланиек – таң жаңа сыз берген мезгіл.

Таң сəрі – жерге жаңа жарық түскен мезгіл.

Таңертең – таң атқаннан сəскеге дейінгі мезгіл.

Сəске – күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл.

Сиыр түс – күн арқан бойы көтерілген мезгіл.

Ұлы сəске – түске жақындаған мезгіл.

Түс – сағат 11–12 мезгілі.
 
Тал түс – сағат дəл 12 мезгілі.
 
Шаңқай түс – сағат 1-лер шамасы.
 
Ұлы бесін – сағат күндізгі 1–2-лер шамасы.
 
Кіші бесін – сағат күндізгі 3-тен өткен мезгіл.
 
Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл.
 
Қызыл іңір – күн батқанмен, күннің қызылы батыстан əлі жоғала қоймаған мезгіл.
 
Кеш – күн толық батқан мезгіл.
 
Ақшам – қас қарайып, шам жағар мезгіл.
 
Іңір – алғашқы түн.
 
Жарым түн – түннің ортасы.
 
Түн – қас қарайғаннан таң атқанға дейінгі мезгіл.
0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: