Зайнулла Расулев деген тұлға 1891 жылы №5 мешітке («Амур мешіті») бас имам болып тағайындалғаннан кейін, 1879 жылы ашылған приходтық медресені реформалау мүмкіндігіне ие болды. Кейін бұл оқу орны «Расулия» деген атқа ие болып, Ресей империясына қарасты жерлердегі мұсылмандарды оқытатын ең беделді білім ордаларының біріне айналды. Алланың қалауымен шейх Зайнулла халық тарапынан зор құрмет пен мойындауға ие болған адам еді. Оның медресесіне білім іздеп, жан-жақтан шәкірттер ағылды.
(Алғашқы қазақ журналдарының бірі – «Айқап» журналы ең алғаш рет "Расулия" медресесінде шығып бастаған. Д.Ш. Муфтахутдинова).

Медресе Орынбор магомедтік рухани мәжілісінің (магометанского духовного собрания) қарауында болды. Медресенің шығыны мұсылман жұртшылығының жеке қайырымдылық қаражаттары мен Зайнулла Расулевтің өз қаржысына қарады.
Сондай-ақ, «Расулия» медресенің қызметіне көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің де қомақты қаражат бағыштағаны айтылады. (Д.Ш. Муфтахутдинова). Анығырақ айтқанда, 1886 жылы Алтынсаринның қаражатына медресенің оқу корпусы мен жатақханасы салынған екен. (Ислам на урала, Д. З. Хайретдинов). (Онымен қатар медресеге материалдық қолдауды Алтынсариннің де көрсеткені айтылады).

В 1886 году на средства казахского купца Алтынсарина были построены деревянные здания учебного заведения.
1893 жылы Расулев дыбыстық (фонетикалық) әдісті, сыныптық-сабақтық оқу жүйесін енгізді, сонымен қатар діни пәндермен қатар бірқатар дүниелік пәндерді де оқыта бастады. Кейінірек француз тарихшысы Александр Беннигсен (1913–1988ж) «Расулия» медресесін мұсылман әлеміндегі ең таңдаулы академиялық оқу орындарының бірі ретінде сипаттайды.

Зайнулла Расулев. Фото: Islam-today.
1898 жылдың 6 шілдесінде көпестер Габбасов пен Яушевтердің қаражатына мешітке тас дуал тұрғызылып, қайта жөндеу жүргізілді. Ал 1903 жылдың көктемімен 1905 жылдың күзіне дейін меценаттардың, соның ішінде Расулевтің өзі қосқан 19 мың рубльдің есебінен жаңа екі қабатты медресе ғимараты, сондай-ақ шаруашылық және қызметтік үйлер салынды.

Фото: Islam-today.
Оқу корпусында сыныптармен бірге үлкен кітапхана да болды. Онда діни кітаптармен қатар көркем әдебиеттер де мол еді. Медресенің көзін көрген қариялардың естелігіне қарағанда, аулада шие бағы да болған екен.
Жаңа медресе ғимаратының жанында шәкірттерге арналған екі қабатты кірпіш пансионат салынды. Кейбір шәкірттерге ата-аналары үй сатып алып беріп, сонда тұрды, кейбірі жергілікті тұрғындардың үйлеріндегі бөлмелерін жалдап тұрды, кейбірі тіпті жеке қызметші ұстаған. Ал пансионатта негізінен жетімдер мен кедей отбасынан шыққан балалар орналасты. Олар баспанамен, тамақпен, киім-кешекпен, аяқ-киіммен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Пансионатта бір мезгілде әртүрлі жастағы жүзден аса шәкірт тұрған. Бірінші қабатта асхана болды - ашхана.
Пансионда төрт тәрбиеші жұмыс істеді, олар – өмірлік тәжірибелері мол, құрметті ұстаздар еді. Пансион электр жарығымен қамтамасыз етілді. Электр тогын Германиядан әкелінген дизель генераторлары өндірді, генераторлар медресе ғимаратына орнатылды. Әріберіденсоң, 1917 жылғы революцияға дейін медреседе телефон байланысы да болған еді.

Фото: Islam-today.
Медреседен алыс емес жердегі үш бөлмелі үйде шеберханалар орналасқан. Онда станоктар орнатылып, түрлі құрал-саймандар сақталды. Шәкірттерге әртүрлі қолөнерді үйреткен адамдардың арасында кейбірінің сауаты жоқ болса да, халық арасында зор құрметке ие еді. Сол маңдағы тағы бір ғимаратта шәкірттерге арналған монша жұмыс істеді. Ол аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жағылды.
Медресенің оқу бағдарламасына сәйкес, оның басты мақсаты – жас шәкірттерді молдалыққа дайындау және бастауыш мұсылман мектептеріне ұстаз – мұғалімдер даярлау болатын. «Расулия» - «рушдия» және «иътадия» деңгейінде білім берді. 11 жылдық оқу ақысы (4 жыл мектебе, 7 жыл медресе) бар болғаны 8 рубль еді. Жетімдер мен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар тегін оқытылды.
Оқуға өтініш қабылдау 20 қыркүйектен басталып, сабақтар 1 қазанда басталатын. Келесі сыныпқа қабылдану үшін өткен сынып емтиханын тапсыру керек болды және денсаулығы туралы дәрігерлік анықтама әкелу керек болды.

Фото: Islam-today.
«Расулия» медресесі аралас сипаттағы оқу орны болды. Ол дәстүрлі "қадимдік" және "жәдидтік" ерекшеліктерді, яғни ескі мен жаңаны үйлестіріп отырған оқу орны еді. Зайнулла Расулевтің бастамасымен «Жаңа әдіс және Троицк ғалымдары» атты брошюра көп тиражбен жарық көрді. Онда шейх Зайнулла, Ахмад-хаджи Рахманқұлов (Ахун хазрет) және Троицктің басқа да беделді ұстаздарының атынан жаңа әдісті (усул әл-жәдид) қолдайтын фәтуа жазылған еді.
Бұл кітапша бірнеше мәрте қайта басылып шықты. Ол үшін Орынбордағы «Вакыт» («Уақыт») газетінің баспаханасында 2000–2900 данамен басылып, бар болғаны 5 тиыннан сатылды.
Зайнулла Расулев Троицк ғалымдарының оқу бағдарламасын кеңейтуге, яғни светский (діни емес) ғылымдарды енгізуге қарсы еместігін мәлімдеді. Бірақ негізгі оқу мазмұны Құран мен Пайғамбар Сүннетін оқыту болып қала беруі тиіс екенін де атап өтті. Фәтуа жарияланған брошюра бірнеше рет қайта басылып шықты.
"Расулия" медресесінде: Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Жанталин сынды қазақтың алғашқы ағартушы ұстаздары білім алды. Ал, Алтынсарин аталмыш медресеге материалдық әрі қаржылық көмек көрсеткен, бұнымен қатар "Айқап" журналы ең алғаш рет осы медреседен шыға бастады.

Қайта қалпына келтіру ісі
2015 жылы медресені қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Архитектор-реставраторлар ғимаратқа барынша бастапқы келбетін қайтаруға тырысты: қабырғалары қызыл кірпіш түсті, ал сәулеттік бөлшектері ақ түске боялды. 2018 жылғы 6 шілдеде қалпына келтірілген «Расулия» медресесінің салтанатты ашылуы өтті. Ал 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап медреседе сабақтар басталды. Қайта ашылған медреседе шәкірттерге әрі зайырлы, әрі діни білім берілетін болды.
Негізгі дереккөз: islam-today ru, Ахметшин Д.Ф. «Ушедшая история».
Қосымша дереккөздер: alash.semeylib kz: Ахмет Жанталин (1875 – 1950) жайында. Муфтахутдинова Д.Ш: "Роль татарских медресе Волго-Уральского края в формировании казахской образовательной системы. Д.З. Хайретдинов: «Ислам на Урале» (Энц. Словарь).