Жарапазан қай кезде айтылады?
Жарапазан қай кезде айтылады?
7 жыл бұрын 26998
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Жарапазан – ораза айында, күнде кешкі тамақтан таң атқанша айтылатын, елді ораза ұстап, ізгі ниетті болуға насихаттайтын тұрмыс салт жыры. Мұнда, əр күні ауыл азаматтары мен əйгілі жарапазаншы- лар екі-екіден немесе топ-топ болып, əр үйдің есігі алдына барып, үй сыртында тұрып жарапазан жырын айтады. Ересек бала-шағалар да өз алдарына топтасып жарапазан айтуға дағдыланады.

Жарапазан айтушыларға ешкім қабақ шытып ренжімейді жəне оларды құры қол, құры ауыз жібермей, бет орамал сыйлап, тəтті-дəмді тағамдардан дəм татқызып қайтарады. Ерте заманда кейбір өнер қадірін білетін дəулетті адамдар атақты жарапазаншыларға таң атқанша жарапазан айтқызып, таң атқан соң оларға ат мінгізіп, шапан жапқан.

Жарапазан адамдарды қуанышқа, шаттыққа бөлеп, өмірге деген көзқарастарын тереңдетіп, адамдарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке баулиды.

2 пікір
  • Ассаламу алейкум уа рахматтулоху уа баракатуху!
    Сиздерге отинишим бар еди.
    "ЖаРамазан"-деп катесиз жазасыздар ма?..
    "ЖаРапазан - деген Кенес окимети кезинде озгерип кеткен еди да....
    Негизи Жарамазан деген - туби арабтан шыккан соз.
    Талдайтын болсак:
    Жа - деген Келди деген магына береди. Рамазан келди деген магына болады.
    Мен сиздерди соккеним емес, просто сиздердин сайттарынызда коп отырамын, окимын, достарыма айтамын осы сайт жайлы....
    Бари адеми болса деймин да..

    Рахмет!
    6 жыл бұрын
  • Тамаша екен. Жаттап алсақ деймін
    6 жыл бұрын