"Жақсы әйел мен жаман әйел" (өлең)
"Жақсы әйел мен жаман әйел" (өлең)
10 ай бұрын 8311
Шал ақын

Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,

Өз байынан басқаны ұнатпайды,

Үйiне мейман түссе, хош келдiң деп,

Еш адамнан рұқсат сұратпайды.

Жаман әйел байымен ұрысады,

Мейман келсе қабағы тырысады.

Бұл үйден шай iшкенмен оңбассың деп,

Мейман байғұс басқа үйге жылысады. 

Жақсы әйел дәулетiңе жөн келтiрер,

Әйелiң долы болса күнде өлтiрер.

Жақсыдан жаман туған бала болса,

 

Атаға үйде жатқан сөз келтiрер.

Жақсы әйел айтқан сөздi кектей қоймас,

Осал жiгiт әйелге беттей қоймас.

Жауыз қатын қабаған ит сияқты,

Ер жiгiттiң түбiне жетпей қоймас.

0 пікір