9 жыл бұрын
22125
namys.kz
100
Аңшының кешіккеніне сүйін.
Үйірімен үш тоғыз.
Ат аунаса, түк қалады.
Ақсұңқар түлесе, түк қалады.
Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
Ит иесі үшін, құс тамағы үшін алады.
Қыранның бірі алтын, бірі күміс, бірі маржан, бірі меруерт.
Бүркіт – құстың бөрісі.
Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды (халық әні).
Сұңқар – құстың төресі,
Лашын – құстың жендеті,
Қаршыға – құстың ұрысы,
Қаршыға құстың патшасы – кірпияз болады.
Сұңқар құстың төресі – қомағай келеді,
Лашын құстың жендеті – кесірмен келеді.
Бүркіт қартайса – тышқаншы болады.
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.
Құстың алғанынан салғаны қызық.
Баба бүркіт барлап ұшар, балапан бүркіт шарлап ұшар.
Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
Аңшының екі сөзінің бірі өтірік.
Жаман мерген құлжа атқан жеріне үш барады.
Ата алмай атынан, қайтып келіп қатынынан көреді.
Аңды не көрінбеген атады, не ерінбеген атады.
Шын аңшының алдына аңның өзі «келеді».
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
Құланның қасуына мылтықтың басуы.
Құлан қайда семірсе сол жерге түгін төгеді.
Үйірлі құлан ақсағын білдірмес.
Тауына қарап құланы, жеріне қарап бұланы
Құлан – қырда, құндыз – суда.
Түлкі алған итке сын жоқ.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ.
Ер азығы мен бөрі азығы – жолда.
Көп жорытқан түлкі терісін алдырады.
Түлкінің қызылдығы өзінің соры.
Дәндеген құрсақ құлағымен ін қазады.
Қыран көкті құшады, теңін іздеп ұшады.
Көк құрақ – көлдің сәулеті,
Аң мен құс – елдің сәулеті.
Қарға жемтігін басып жейді, ақ сұңқар шашып жейді.
Тұғырына саңғырған сұңқар оңбас, үйірінен айрылған тұлпар оңбас.
Тозған қазды топтанған қарға алады. екі құзғын таласса, қарғаға жем болады.
Құс жаңылып торға түсер, ер жаңылып қолға түсер.
Ителгінің қызығына қызықсаң, қаршығаңды қамшы етерсің.