Нәсәфи ақидасының түсіндірмесі: "Алла Тағала қалағанын адастырады, қалағанын тура жолға салады"
Нәсәфи ақидасының түсіндірмесі: "Алла Тағала қалағанын адастырады, қалағанын тура жолға салады"
5 жыл бұрын 11349
Доктор Абдульмәлік ибн Абдуррахман әс-Саъдий

 

و الله تعالى يُضِلُّ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ

«Алла Тағала кімді қаласа адастырады, кімді қаласа һидаятқа салады» Имам Нәжмуддин ән-Нәсәфи (рахимаһуллаһ).

 


Жекелеген сөздердің ұғымы:

* «Адастырады» - яғни, Алла Тағала адасушылықты (пендеде) жаратады. (Далалат – адасушылық).

** «Кімді қаласа» - яғни, қалаған пендесін.

*** «Һидаятқа салады» - яғни, тура жолда жүруін (пендеде) жаратады. (Һидаят – тура жол).

"Һидаятқа салу" сөзінің мағынасы 

 «Һидаятқа салу» сөзі екі мағынада қолданылады:

Біріншісі - Хақ жолын баян ету, көрсету деген мағынада. Мына аяттағы «хидаятқа салу» сөзі осы мағынада қолданған: «(Әз Мұхаммед) Шынында Сен, тұп-тура жолға хидаят етесің (бастайсың, түсіндіріп көрсетесің)». («Шура сүресі, 52 аят).

Екіншісі – һидаятта жүруді және хақ жолына жетуді пендеде жарату деген мағынада. Мына аяттағы «хидаят» сөзі осы мағынада қолданған: «(Ей Мұхаммед!) Сен жақсы көрген адамыңды һидаятқа саламайсың!». («Қасас» сүресі, 56 аят). (Яғни, ол адамда һидаят жарата алмайсың).

"Һидаятқа салу" сөзінің мәні

Әһли сүннә уәл жамағат түсінігі бойынша:

Пенде «далалатқа» (адасушылыққа) ұмтылып, оған жетелер себептерді діттеген сәтінде, Алла Тағала оның бойында «адасушылықты» жаратып қояды. Тура сол секілді, қашан пенде «һидаят жолына» ұмтылып, оған жетелер себептерді діттеген сәтінде, бойында «хидаят жолымен жүруін» жаратып қояды. Бұл Әһли сунна уәл жамағаттың сенімі, суннит жолы.  

Ал, Мұғтазилия ағымының түсінігі бойынша, "Алла һидаятқа салады" деген:

Жоғарыда айтылып өтілген екі мағынаның бірінші мағынасында ғана қолданған (Алла тек тура жолды көрсетуші, оны түсіндіруші ғана деген мағынада). Өйткені, олардың түсінігінше, пенде - өз ісінің жаратушысы (яғни, «Алла һидаятқа салмайды, пенде өзі һидаятқа түседі. Һидаятқа түсу құбылысын өзі жаратады, Алла емес. Алла тек һидаятты баян етуші ғана» дейді олар).

Мұғтазилиттердің бұл ұстанымдары екі жөннен қабыл етілмейді:

Бірінші – бұндай мағынадағы «һидаят» түсінігі кәпірге де, мұсылманға да тән. Бұлай болатын болса, оны (һидаятты) Алланың қалауына байланыстырып қоюдың мәні қалмас еді. (Яғни, аятта «Кімді қаласа...» деп тұр. Егер, һидаятқа салу ұғымын тек «һидаятты түсіндіру» деп ұғынсақ, онда аяттағы «Алла кімді қаласа...» деген сөзінің мәні қалмас еді).

Екінші жөні – Құран Кәрімде мұғтәзилиттердің бұл түсініктерін жоққа шығаратын бірнеше аяттар келген. Мысалы: «(Ей, Мұхаммед) Сен жақсы көрген адамыңды тұра жолға сала алмайсың» деген аят соның дәлелі. («Қасас» сүресі, 56 аят). (Бұл аятта Пайғамбардың өзі пендені тура жолға сала алмайтындығын, сондықтан оған тек тура жолды айту ғана, тура жолды баяндап түсіндіру ғана міндет екендігін, һидаятқа салушы бір Алла екендігі айтылуда).

Сондай-ақ, пайғамбар адамдарды тура жолға шақырып, олардың һидаятқа түсулерін Алладан былай деп тілеген: «Аллаһым, менің қаумымды тура жолға салғын».  Егер, «һидаятқа салу» сөзі – мұғтәзилиттердің ұғынғандай мағынада болғанда, олар үшін дұға тілеуінің қажеті жоқ еді. Өйткені, тура жол онсыз да баян етіліп, ненің ақ, ненің қара екендігі айтылып қойды. Бұдан кейін Алла Тағаладан оларға һидаят беруін сұраудың не керегі бар?! (Ендеше, Алланың һидаятқа салуы - мұғтәзилиттердің түсінгенідей, тек қана һидаят жолын баяндауы, көрсетуі ғана емес екен).

Алла Тағала көптеген аяттарында һидаятқа салуы мен адастыруының Оның қалауына байланысты екендігін айтқан. Өйткені, Алла Тағала қалаған нәрсесін істеуші. Егер, Ол хидаятты немесе далалатты пендеде жаратуды қаламаса, һидаят пен далалат та туындамайтын еді. Басқа да істері осы сияқты, Оның қалауымен туындайды, мәжбүр болуынан емес немесе қателескендігінен емес.

"Шархуль Ақидатун Нәсәфия" атты кітаптан.
Аударып, дайындаған: Абдусамат Қасым

   

0 пікір