«Пайғамбар» сөзінің этимологиясына, яғни шығу тегіне үңілсек, ол парсы тіліндегі «пейгам» (хабар) «бер» (әкелуші)1 деген сөздерінен алынған. Қазақша «хабаршы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі халықтарында да сол негізгі қалпында және тура мағынасында қолданылады.
«Пайғамбар» сөзі араб тілінде «расул» (елші) және «нәби» (хабаршы) деп қолданылады. Расул мен нәби сөздері пайғамбар деген мағынаны бергенімен, екеуінің арасында атқарған қызметі мен міндеттеріне байланысты айырмашылық та бар. Бұл сөздерді діни терминологиялық тұрғыдан алғанда, «расул – «Аллаһ тағаланың адамдар арасынан елшілік үшін таңдаған және уахи арқылы Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарын адамзат баласына жеткізу міндеті жүктелген құлы әрі елшісі» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «жаңа кітап пен жаңа шариғатты адамзатқа түсіндіруге міндеттелген елші».
Ал «нәби» сөзіне «Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарынан хабардар етуші», өзінен бұрын келген пайғамбардың ісін жалғастырған хабаршы деген анықтама беруге болады. «Нәби» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық міне осында.
Осы анықтамалардан байқағанымыздай – ақиқатты үндеуді міндеттеген Хақ тағаланың абыройлы елшілері2.
Қалмахан Сейтұлы, "Пайғамбарларға иман",
1Ибн Манзур, Лисанул Араб, 1990. «рсл», «нбә» бабы; Ш.Гөлжук, С.Топрак, Кәлам, Кония, 1996, 302-б.
2Тафтазани, Шархул-мақасид, Бейрут, 1989, ІІ/173