Діннің төрт рүкні
Діннің төрт рүкні
1 ай бұрын 1593
Қазақшалаған А. Қасым

Бисмилләһир рахманир рахим

Біліп қойыңыз, шәһәдәт сөзі (әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһ) - қысқа болғанымен діннің төрт рүкнін қамтиды. Олар: Құдай субханаһу тағаләның затын растау, сипаттарын растау, істерін растау және Мұхаммед пайғамбарды (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) растау. Осы төрт үстін иманның іргесін құрайды.

Кәлиманың қамтитын төрт діннің рүкні келесідегідей:

1) Бірінші рүкін - Алла Тағаланың затын тану. Оның алаңы он негізде топтасады:

  • Алла Тағаланың барлығын білу.
  • Қадим - бастауы жоқ, соңы жоқ екенін білу,
  • Мәңгі екендігін білу.
  • Жәуһәр (атом, материя) емес екенін білу,
  • «Жисм» (дене) еместігін білу.
  • Араз емес екендігін білу (Акциденция  – бар болуы өздігінен жалғаспайтын нәрсе (немесе бар болуын жалғастыру үшін өзге денені қажет ететін нәрсе, ауд.).
  • Ол әлдебір тұста (бағытта) емес екенін білу (Алла тағалаға жоғарыда, оң жақта, сол жақта т.б. деген тұста емес екенін білу).
  • Ол әлдебір мекенде орналаспағандығын білу.
  • Ол көреді.
  • Және Ол дара екендігін білу.

2) Екінші рүкні - Алла Тағаланың сипаттарын тану. Оның алаңы он негізде топтасады. Олар келесідегідей:

  • Алла Тағаланың «Хәй» (тірі) екендігін білу.
  • Білгір екенін білу.
  • Құдіретті,
  • Ерікті,
  • Естуші,
  • Көруші,
  • Сөйлеуші,
  • Шыншыл (өтірік айтпайды, өтірік жаратылыстарға тән сипат). Айтқандары рас.
  • Жаратылыстарға енуден пәк (ешқандай жаратылыстың денесіне енбейді, мысалы, Христиандар айтқандай Иса пайғамбарға енбеген-ауд).
  • Оның сипаттары да қадим, әзәли екендігін білу (бастауы жоқ, сипаттары да Өзі секілді мәңгі, жаратылмаған).

3) Үшінші рүкін - Алла Тағаланың істерін тану. Оның саласы он негізде топтасады:

  • Пенделердің істері Алла Тағаланың жаратуы мен ерік-қалауынан туады, әрі пенделердің кәсібінен туады (Адам баласы саналы түрде ойлап, бойына біткен қалау еркіндігін пайдалану арқылы бір істі жасауға оқталғанда,  Алла тағала оған сол істі жүзеге асыратын күш-қуат жаратады. Оны Кәләм ғылымында «Құдірет» немесе «Иститаъа» дейді. Бойға біткен күш-қуатты пайдаланып, өз ықтиярымызбен орындаған іс-әрекетті кәләм ғылымында «кәсб» дейді. Яғни, қалаған ісімізді жарататын Алла, ал оны орындаушы пенде-ауд).
  • Оның жаратылыстарға мүләим екендігін білу.
  • Алла Тағала (қаласа) пендеге күші жетпейтін нәрсені міндеттей алатындығын білу.
  • Алла Тағала кінәсіз пендесін жазалай алатындығын білу (егер қаласа жазалайды, Ол ештеңеге мәжбүр емес, бірақ Ол әділетсіз емес, сондықтан кінәсіз адамға қылдай да қиянат жасамайды-ауд.).
  • Алла пендесі үшін ең жақсысын ғана діттеуге міндетті емес. (Мұғтәзилит ағымы: Алла Тағала пенделерге ең жақсысы не болса, соны жасауға міндетті деген. Суннит ұстанымында Алла пенделеріне жақсылықты да, жамандықты да беруші, тек жақсылықты ғана жасауға міндетті емес, Оның өз қалауы біледі-ауд.).
  • Уәжіп (парыз) тек шариғи негізбен бекітілетіндігін білу (ақылмен емес).
  • Пайғамбарлардың жіберілуі мүмкін нәрсеекенін білу (мүмкінсіз нәрсе емес).
  • Мұхаммед пайғамбардың пайғамбарлығы - нақтыланған дүние және мұғжизалармен қуатталғанын білу (саллаллаһу алейһи уә сәлләм).

4) Төртінші рүкін - «Сәмъият» тақырыптарына қатысты. (Сәмъият - Алла елшісінің хабар беруінен білінген сенім негіздері). Ол да он негізде топтасады:

  • Қабірден қайта тірілетіндігін білу,
  • «Нәшр» болатынын білу (нәшр - қиямет қайымда әрбір рухтың өз денесіне кіруі ауд.).
  • «Хәшр» болатынын білу (хәшр - қияметте адамдарды махшар майданына жинау ауд.).
  • Қабір азабының хақтығын білу.
  • Нәкір, Мүнкәрдің сұраққа алатынын білу.
  • «Мизан», амал таразысының болатынын білу.
  • Сырат көпірінің болатынын білу.
  • Пейіш пен тозақтың жаратылып қойылғандығын білу.
  • Имамдықтың (патшалық, халифалық) үкімдерінің хақтығын білу1

islamkz

 

1  Имам Ғазали: «Раудатут Толибин» атты кітабынан аударылды. Араб тілінде. Ихия Улумиддин;

0 пікір