Олимпиада астанасында Қазақстанның көк байрағы көтерілді (ВИДЕО, ФОТО)
|
Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді. Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті. Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков олимпиадалық қалашық басшысына естелік сый тарту етті. Айта кетейік, 5 тамызда ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде. Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)