Жануарлар әлемі: Ирландық қой қырқудан әлемдік рекордты жаңартты (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Ирландық қой қырқудан әлемдік рекордты жаңартты (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2475 inform.kz, rosbalt.ru, stan.kz

Ирландияның солтүстігіндегі Килмакренан елді мекенінің тұрғыны Айвен Скотт жылдам қой қырқудан жаңа әлемдік рекорд орнатты. Тоғыз сағаттың ішінде ол 867 қойды қырқып үлгерді. Ирландық жаңазеландиялвқ қой қырқушы Дона Кингтың 2007 жылы жасаған жетістігінен бір қойды артық қырықты. Айвен Скотттың рекордын әлемдік деңгейдегі үш төреші тіркеді.  

Жолбарыс туристер мінген автомобилге шабуыл жасап, бамперін жұлып алды (ВИДЕО)

Бейжіңдегі жабайы табиғат саябақтардың бірінде жолбарыс туристер мінген автомобильге шабуыл жасады. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Жабайы жыртқыштың шабуыл жасаған сәті  видеорегистраторға түсіп қалған. Жолбарыс шабуыл жасаған мезетте  машинаның бамперін тістеп жұлып алды да сүйреткен күйі ағаштардың арасына кіріп кетті. Қатты қорыққан адамдар жыртқыш  көзден таса болған кезде ғана көліктен шықты.

Семіз мысық арықтау үшін бассейнде жүзіп жүр (видео)

Чарли есімді мысық арықтау үшін арнайы диетаға отырып, тіпті бассейнде жүзумен де айналысып жүр. Әдетте Плимут қаласындағы бұл бассейнде иттер жүзеді. Ал Чарли бұл жерде шомылған алғашқы мысық атанып отыр. 11 жасар мысықтың иесі Розалин Эйрс оны аптасына екі рет бассейнге түсіріп тұрады. Тиісінше жаттығулар алғашқы нәтижесін де көрсетіпті. Чарли қазірдің өзінде бір келіге азған. 

1 пікір
Мұрағат