Допингке қарсы күрес агенттігі тыйым салынған дәрмек түрлерін арттырып келеді
Допингке қарсы күрес агенттігі тыйым салынған дәрмек түрлерін арттырып келеді
7 жыл бұрын 2544 Хабар 24.kz

Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі жыл сайын тыйым салынған дәрмек түрлерін арттырып келеді. Қазірдің өзінде ішуге, қолдануға болмайтын дәрінің саны отыз мыңнан асып кетті. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мүшелері мен елдегі допингке қарсы күрес саласының мамандары спорт федерацияларының өкілдерін жинап, әлгі мәселеге қатысты жиын өткізді. Ендігі жерде дұрыс тамақтанудың өзі үлкен мәселе. Мысалы, қоғамдық орындарда кездесетін ас-су нүктелерінде кейбір қоспалар пайдаланылуы мүмкін. Және сол қоспада әлдебір дәрмек кезігіп қалуы ғажап емес қой. Немесе өзге бір медициналық орталықта ем қабылдайтын жағдайлар кездеседі.

Егілген немесе ішуге берілген дәрі-дәрмектің құрамында да тыйым салынғаны болуы да спортшыны жарға жығады. Демек, үнемі қадағалау ғана қара тізімге түсуден сақтайды, - дейді мамандар.

Жігер Әзберген, ҰОК ресми өкілі:

- Қазіргі таңда тыйым салынған препараттың саны жыл сайын өзгеріп, олардың қатары өсіп келе жатыр. Соны әр федерация білуі керек. Оны одан кейін федерация өкілдері спортшыларға дейін жеткізулері қажет. Бұл өте маңызды, өйткені, біз әрқашанда ВАДА тарапынан және өзге де өзгерістерге дайын болуымыз керек.

0 пікір
Мұрағат