2018 жылы Олимпиадаға Қазақстаннан кімдердің қатысатыны белгілі болды
2018 жылы Олимпиадаға Қазақстаннан кімдердің қатысатыны белгілі болды
6 жыл бұрын 2832

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 лицензияға ие болды, деп хабарлайды Ваq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Қысқы биатлон ойындарының бағдарламасы спринт, жүгіру жарыстары, жеке жарыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафетаны қамтиды. Қазақстандықтар спорттың әр түрінде өнер көрсететін болады. Сондай-ақ, биатлоншылар командасы ең үлкен болмақ, құрамында - он спортшы. Ерлер құрамасы Василий Подкоритов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, әйелдер құрамасында - Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Белченко.

Ал, спортшылардың саны жағынан екінші орында - фристайл. Команда үш ер және алты әйел адамнан тұрады. Олар: Дмитрий Рейхард, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амренова, ал акробатикада - Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Айана Жолдас, Ақмаржан Қалмырзаева және Ильдар Бадрутдинов.

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның жеті спортшысының өтінімі бар. Пхенчхандағы жарыста Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленьева, Анна Шевченко және Елена Коломина кездеседі.

Қысқа тректерде Қазақстанның атынан жеті қатысушы бар - бес ер адам және екі әйел. Бұл жарыстарда Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов пен Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова және А Йонг Ким қатысады.

Конькимен жүгіруде мұзды алаңға - бес ер адам мен бір әйел шығады. Роман Креч (500 метр, 1 000 метр), Станислав Палкин (500, 1 000, 1 500 метр), Артем Крикунов (500 метр), Федор Мезенцев (1 000, 1 500 метр және жаппай старт), Денис Кузин (1500 метр) және Екатерина Айдова (500, 1 000, 1 500 метр).

Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаннан үш спортшы - бір ер адам және екі әйел қатысады. Бұл - Денис Тен, Елизавет Тұрсынбаева және Айзада Имамбек.

Қазақстандық екі қатысушы тау шаңғысында бой көрсетпек. Олар: Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.
Трамплиннен секіру түрлерінде 2 спортшының өтінімі бар. Қазақстаннан осы жарыстарда Никита және Сергей Ткаченко қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Бүгінгі күні Қазақстанның ҰОС ұйымдық құрамы әзірленіп, Олимпиадалық ауылдарда қазақстандық спортшылар үшін бәрі дайын. Олардың алғашқылары - отандық биатлоншылар Пхенчханға 1 ақпанда келеді.

0 пікір
Мұрағат