Қытай замануи ультра-әскер құруға кірісті
Қытай замануи ультра-әскер құруға кірісті
6 жыл бұрын 2733 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай әскери салада жасанды интеллекті мен кванттық технологияны қолдануды алдына мақсат етіп қойды әрі осы мақсатта алдыңғы қатарлы зерттеу институттарынан 120 маманды маңдайынан шертіп отырып, іріктеп алды. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі аталған елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Белгілі болғандай, Қытайдың халықты азат ету әскері өз ісінің майын ішіп, жілігін шаққан мамандарды Қытайдың әскери ғылымдары академиясына жұмысқа алған. Зерттеушілердің 95 пайызынан көбісінің арнайы ғылыми дәрежесі бар; олардың дені кванттық технологияны меңгеріп, жасанды интеллектіні игерген. Қытай билігі мұндай стратегиялық маңызы зор қадамға АҚШ-тың арынын басу үшін әрі ресурс үшін күресте өз мүддесін қорғау үшін барып отыр. Естеріңізде болса, осыдан екі-үш жыл бұрын, дәлірегі, 2015 жылы әскери парадта Қытай билігі қарулы күштер сапынан 300 мың адамды қысқартып, оның орнына әлдеқайда шапшаң әрекет ететін әрі тиімді әскер құруға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Десе де Қытай әскері әлемдегі ең ірі әскер болып қала береді. Қытай әскерінде шамамен 2,3 млн сарбаз бар. Бұл көрсеткіш халықтың санына шаққанда 0,18%-ды құрайды.

0 пікір
Мұрағат