Зиянды микроорганизмдерге қарсы тұруға көмектесетін ақуыз табылды
Зиянды микроорганизмдерге қарсы тұруға көмектесетін ақуыз табылды
4 жыл бұрын 2344 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасушалардың зиянды микроорганизмдерге төтеп беру қабілетін арттыратын ерекше ақуыз табылды. Тапқан – неміс және америкалық ғалымдар. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі «Cell Reports» ғылыми мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар кеміргіштердің түрлі жасушаларын зерттей келе AGO4 ақуызының тапшылығы жасушалардың вирустарды сезу қабілетін төмендететінін байқаған. Зиянды микроорганизмдерге сезімтал ақуыз иммундық жүйеге қауіп төнгенін хабарлап отырады – яғни, иммундық жүйенің дер кезінде организмге қауіп төнідірген зиянды вирусқа қарсы тұруына мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, бұл ақуыз қабынуға қарсы айрықша қабілеті арқылы болашақта аса қауіпті вирустарға қарсы қорғаныс дәрі-дәрмегін жасауға көмектеспек.

0 пікір
Мұрағат