Шетелдік қызметкерлер 3 жылдан артық жұмыс істей алмайды
Шетелдік қызметкерлер 3 жылдан артық жұмыс істей алмайды
8 жыл бұрын 3081 Bnews.kz, primeminister.kz

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істеуге шетелден «жетекші», «менеджер» және «маман» санатына жататын жоғары білікті қызметкерлер ғана тартылады. 

Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тарту саласында Дүниежүзілік Сауда Ұйымының міндеттемелерін бекітті. Ел Үкіметі анықтайтын экономика секторларына ғана шетелдік қызметкер тартылады.

«Корпоративішілік ауыстыру аясында ауыстырылатын шетелдік қызметкерлер үшін ауысым мерзімі еңбек шартында көрсетілген, бірақ 12 айға бір рет ұзарту құқығымен, үш жылдан аспайтын ауыстыру мерзімі ғана беріледі», – деді ҚР ДСӘДМ.

Сондай-ақ, бұндай қызметкерлерді жұмысқа тарту үшін рұқсат квотадан тыс беріледі.

Жұмыс беруші жергілікті кадр талаптарын сақтауы тиіс, яғни корпоративішілік ауыстыру аясында ауыстырылатын шетелдік қызметкерлердің саны қазақстандық азаматтар санының 50 %-ынан аспауы тиіс.

Жергілікті кадрды қамтамасыз ету шетелдік қызметкерді басшы лауазымына тарту кезінде қолданылмайды. Жергілікті атқарушы орган рұқсат берген кезде жұмыс берушіге ерекше талаптар жүктеледі. Ол қазақстандық кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сонымен қатар, қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу керек.

0 пікір
Мұрағат