Елімізде трансплантация тегін жасалатын болады
Елімізде трансплантация тегін жасалатын болады
8 жыл бұрын 2444 24.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады. Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3000-ға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ. Тілеухан Әбілдаев, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы: - Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады.

0 пікір
Мұрағат