Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар cаны қанша? (инфографика)
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар cаны қанша? (инфографика)
8 жыл бұрын 7447 7kun.kz

2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен 36,8 мың заңды тұлға тіркелген, оның 19,3 мыңы жұмыс істейтін шетелдік компаниялар қатарында.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ресейліктер қатысатын 6,2 мың компания, түріктер  қатысатын 1,6 мың компания бар.

Сондай-ақ, мемлекетте Голландияның 974, Германияның 865, Қытайдың 793, Өзбекстанның 678 компаниясы жұмыс істейді. Ал америкалықтардың капиталы 514, украиналықтардікі 505 компанияда бар.

Қазақстанда Ұлыбританияның 500 компаниясы, Оңтүстік Кореяның 451, Қырғызстанның 440 компаниясы қызмет етеді. Ал Виргин аралдарының 372 заңды тұлғасы бар. Сонымен қатар, Қазақстанда Швейцария, Кипр, Үндістан, Иран және КХДР-ның капиталы қатысатын кәсіпорындар қызмет атқарады.

 14697323_388474294873760_52992186_o

0 пікір
Мұрағат