Қостанай облысында 500 мың гектар жерді септориоз ауруы жайлаған (видео)
Қостанай облысында 500 мың гектар жерді септориоз ауруы жайлаған (видео)
8 жыл бұрын 6072 24.kz agro.basf.ru

Биыл бидай бітік шыққанымен, бір бөлігі ысырап болуы мүмкін. Қостанайлық шаруалар осылай дейді. Себебі, алқаптардың бірқатарын тат, септориоз ауруы жайлаған. Облыс бойынша биыл 4 млн 200 мың гектарға дәнді-дақылдар себілсе, соның 500 мың гектарынан ауру ошақтары анықталды. Бүгінгі күнге дейін осы аумақтың 65%-ы химиялық өңдеуден өтті. Нұркелген Өтеулиннің егістік алқабы 5 мың гектардан астам. Астық шығымы көз қуантады. Алайда, соңғы айда бидай сабақтарының жиырылып, сарғыштана бастауы оның көңілін күпті етті. Бұл тат септориоз ауруларының белгілері. Ал оның зияны аз емес. Сала мамандарының бірқатары дәл қазір астық ауруларына қарсы улы химикат сепкеннен еш пайда жоқтығын айтады.  Дархан Әбдікәрімов, ҚР АШМ аумақтық инспекция басшысының орынбасары: - Дәл бүгінгі күні қажет емес. Өйткені, екі-үш аптадан соң егінді ору науқаны да басталатын түрі бар. Енді аурулар осы күні ешқандай қауіп-қатер келтірмейді. Нұркелген Өтеулин, шаруа: - Бір апта, он күннің ішінде өңдемесе, біз гектарынан 5-10 центнерге дейін жоғалтамыз. Бидайдың қапталдағы жапырақтары өте қатты татталғандығын байқауға болады. Ұстап көрсең, қолыңа жұғады.

 

0 пікір
Мұрағат