ҚМДБ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ҚМДБ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ
7 жыл бұрын 2894 muftyat.kz

Тақырып: «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА (с.ғ.с.)»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесіне орай Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды. БАС ЖҮЛДЕ – ҚАЖЫЛЫҚ.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;
2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;
3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;
4. Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;+

Бейнероликті kmdbkz@gmail.com электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.

Телефон: 8 727 397 63 97, 8 727 397 64 84, 8 778 881 33 33

0 пікір
Мұрағат