ХАРАМ МЕШІТІНДЕГІ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН ЖЕРАСТЫ ЖОЛЫ САЛЫНАДЫ
ХАРАМ МЕШІТІНДЕГІ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН ЖЕРАСТЫ ЖОЛЫ САЛЫНАДЫ
7 жыл бұрын 2765 muslim.kz

Мекке аймағының Даму басқармасы мақұлдаған жоспар бойынша, жақын арада Харам мешітін қасиетті мекендермен байланыстыратын жерасты жолдарының желісі салынбақ. Аталмыш жобаға сәйкес енді Арафат тауы мен Джамаратқа жерасты жолымен тез жетуге болады.

Жерасты жолдары Мудзалифа жазығының астымен өтетін болмақ. Туннельдердің сызба жоспары Мекке қаласының әмірі Халед әл-Фейсал ханзаданың төрағалығымен өткен отырыста таныстырылған болатын.1

Жидда қаласында өткен осы отырыс барысында жан-жақты талқыланған жобаны Сауд арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз де мақұлдап, бекітіп отыр. Енді тек жобаның қандай мерзім ішінде аяқталуы тиіс екендігін белгілеу ғана қалып отыр.

0 пікір
Мұрағат