Маңғыстаулық имамдар құдық қазуды қолға алды
Маңғыстаулық имамдар құдық қазуды қолға алды
4 жыл бұрын 2960 muftyat.kz Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі

Дінімізде сауабы үзілмейтін қайырымдылықтың бір түрі – құдық қазу. Халық игілігіне жарайтын дүниелерді дайындау хадистерде «жария садақа» деп аталса, оның сауабы иесі қайтыс болғаннан кейін де қабіріне жетіп тұратыны баршаға мәлім.

Осы мақсатта Маңғыстау облысының имамдары Мұнайлы ауданы Батыр ауылынан 10 отбасыға 10 құдық қазып беруді қолға алды.

«Бітер істің басына – жақсы келер қасына» демекші, қайырымдылық ісінің басынан табылған өңірдің бас имамы Әнуар Елжанов:

«Мұндай қайырымдылыққа  Маңғыстау облысы мешіттерінің имамдары ұйытқы болып отыр. Сондай-ақ биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толып отыр. Исламда  құдық, көпір, мешіт, медресе, мектеп, жол, су ағатын арна қазу сауабы үзілмейтін садақа саналады. Барша азаматтарды осындай игі бастамаға атсалысуға шақырамыз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл, Рамазан айы құтты болсын!» деген тілегін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат