ДНК-ны бөгде генді енгізбей редакциялайтын тәсіл табылды
ДНК-ны бөгде генді енгізбей редакциялайтын тәсіл табылды
4 жыл бұрын 3317 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жасушаға бөгде ДНК-ны енгізбей генді өзгерту амалын тапты. Аталмыш технологияның мынадай артықшылығы бар: генді редакциялауда кететін қателікті азайтуға септігін тигізеді. Осылайша генді редакциялаудың қатерін кемітеді. Бұған қоса, бұл технологияға әлемнің ГМО-ға тыйым салынған кейбір елдеріндегідей қандай да бір шектеулер мен тыйым салынбайды. Осынау ғылыми жетістік Plant Cell Reports мерзімді басылымында айтылған. Генетикалық тұрғыдан модификацияланған (жетілдірілген) азық-түлікті тұтынудың адам денсаулығына зиянын тигізеді деп есептейтіндер де немесе бұл гипотезаны жоққа шығаратындар да бар. Бұл төңіректегі дау-дамай мен талас-тартыс әлі күнге толастаған емес. Тіпті, 1974-ші жылы АҚШ-та молекулярлы биология саласының көрнекті ғалымдарынан арнайы комиссия да жасақталған болатын. ГМО-ның залалын анықтау мақсатында. Алайда, олар да ГМО-ға қатысты бір тоқтамға келген емес. 2014 жылы ауыл шаруашылығына ГМО-ның тигізер әсеріне қатысты 147 зерттеуге мета талдау жасалды. ГМО ең алдымен қажеттіліктен туындап отырғанын айта кету керек. Жылдан жылға адамзаттың қарасы көбейіп келе жатқандықтан азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтін стартегиялық маңызы зор аса көкейтесті мәселеге айналды. Олай дейтініміз, гендік тұрғыдан модификацияланған өсімдіктер үшін дәстүрлі егістік алқабында астықты зиянкестер мен арам шөптерден қорғау үшін кететін, зияны ГМО-дан кем түспейтін пестицидтерді қолдану мөлшері 37 %-ға азайтады. 1996 жылдан бері егіле бастаған гендік тұрғыдан модификацияланған өсімдіктер алқабы 2013 ылы 175 млн гектарға жетті. Яғни, әлемдік егістік алқабының 12 пайызға жуығын қамтыған. Гендік тұрғыдан модификацияланған астық алқаптары халқының саны көп АҚШ-та, Үндістанда, Қытайда, Бразилияда, Аргентинада, Канадада, Бангладеште, т.б. елдерде мол. Гендік тұрғыдан модификацияланған өсімдіктер өсірумен айналысатын 18 млн фермерлік шаруашылықтың 90 %-дан астамы дамушы елдерде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гендік инженерияның көмегімен жасанды мутациялау тәжірибесіне нақты тыйым салған емес, алайда, белгілі бір шектеулер аясында қоятын талаптары бар. Кей елдер бар - өзінде өсірмесе де сырттан алдыруға тыйым салмаған, кей елдер өзінде өсіруге де, сырттан қабылдауға да қатаң тыйым салған. Енді бір елдерде өсіруге де, сырттан алдыруға ешқандай тыйым салмаған. Ресей секілді елдерде өсіруге тыйым салынғанымен ғылыми мақсатта зерттеу жұмыстары үшін ішінара рұқсат етілген. Бұл тараптағы әр елдің ұстанымы мен сақтыққа негізделген регламенті әр келкі болып келеді. Десе де мұның де кейбір өз иірімдері бар: Кей елдерде, мәселен, АҚШ-та организм гендік тұрғыдан модификацияланған деп тану үшін оның геніне өзге биологиялық түрдің ДНК-сы үстемеленуі керек. Бір қарағанда, осындай иірімдердің өзі аталған процесті түрлендіріп, сандаған, сан қилы асптектілеріне жол ашып береді: мәселен, организм жаңа бір ерекшелікке ие болуы үшін міндетті түрде оған бөгде ДНК-ны үстемелеп жатудың қажеті де болмайды – гендердің бірін алып тастап, оның орнына формалды түрде гендік тұрғыдан модификацияланғанды білдіретінін, яғни, өзге генді енгізуге болады. Алайда, бәрі сіз ойлағандай оңай емес: генді редакциялау үшін ДНК молекуласын кесе алатын молекулярлы қайшы ретінде танылған Cas9 ақуызы қажет болады. Бұдан бөлек, қай жерінен кесу керектігін көрсететін РНК-гид керек. Бұл ақуыз бен РНК –ны жасуша ядросына қалай жайғастыру керек? Әдетте биологтер жасушаға бұл жұпты кодтайтын ДНК-ны енгізеді. Болды. Организмде бөгде ген бар деп есептеуге болады – (сол ақуыз бен РНК-ны кодтаған ген). Десе де мұның да өз кемшілігі барын айта кету керек: ДНК айтарлықтай ұзақ уақыт өмір сүреді. Бұл Cas9 ақуыз молекуласының бірнеше мәрте синтезделуімен байланысты – мұның ақыры генде көзделген тұсын емес, басқа жерін кесіп жіберуімен аяқталуы мүмкін. Қатері бар процесс. Тіпті, осылай болған күннің өзінде гендік тұрғыдан модификацияланған органимзді қауіпті ете қоймасы анық. Десе де жоспарланбаған (яғни, әу баста көзделмеген) мутация организмнің сапасын кемітіп, ғұмырын азайтуы ықтимал. Бұдан бөлек, бүгінде кейбір ауруларды емдеу үшін адамның ДНК-сын редакциялау тәсілі қолданылып жүр. Мұндай жағдайда аталмыш әдістің кесірінен генде ауытқу тудыратын жанама теріс әсердің орын алғаны қажет емес.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат