«ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНІҢ ЖАНЫНАН «САМРҰҚ» ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ
«ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНІҢ ЖАНЫНАН «САМРҰҚ» ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ
8 жыл бұрын 6194 Baq.kz
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің жанынан «Самрұқ» зияткерлік клубы құрылды – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.

Клубтың құрамына Өскемен қаласындағы білікті журналистер, жас ғалымдар, жас саясаткерлер және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, өнерпаздар мен белсенді жастар және студенттер кірді.

Клубтың мақсаты: Қоғамдағы сан салалы мәселелерді талқылау, жастарды жат қылықтардан сақтандыру, белгілі қайраткерлерді қатыстыра отырып, жастармен ашық сұхбаттар өткізуге бағытталады. Сонымен қатар әртүрлі қайрымдылық шараларын өткізу, өңірде отансүйгіштікке баулитын іс-шараларды көптеп ұйымдастыру негізгі жұмыс бағытты ретінде жоспарлануда.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Біз бүгінгі таңда жастар тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек. Олармен сырласып, ашық сұхбаттар өткізу, пікірталастар ұйымдастыру, өмірге деген көзқарастарын жүйелеу, жат ағымдармен жат қылықтардан сақтандыру арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі замандағы келелі мәселе, сонымен қатар қайраткерлеріміздің саналы ғұмырын жастарға үлгі ету мақсатында белгілі тұлғалармен кездесулер мен риясыз сұхбаттасуар өткізудің маңызы зор», - деп атап өтті.

Аталған клубытың алғашқы отырысында тарихқа, қоғамға қатысты сан алуан тақырыптар қозғалып, алдағы мақсаттар белгіленіп, жұмыс жоспары нақтыланды.

Бұдан былай клубтың ай сайынғы отырысына бір қоғам қайраткері қатысып, жастармен еркін сұхбат өткізеді деп жоспарланып отыр.

«Самрұқ» зияткерлік клубының төрағасына Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин сайланды. 

0 пікір
Мұрағат