Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
6 ай бұрын 587 halaldamu.kz
«TOI TABAQ» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Toi Tabaq» ет дүкені «QMDB HALAL» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген А.Асқарбекұлы ет дүкені өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Toi Tabaq» ет дүкеніне берілген сертификат 10.11.2023-09.11.2024 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 34

АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Shecker» тамақтану орны, «Keremet Foods» жартылай фабрикаттары, «Mario sushi» фаст-фуд өнімдері «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталды. Алматы қаласының бас имамы жамағат алдында кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстады.

Сертификаттау барысында технолог және бақылаушы мамандар өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, тиісті қоспалары лабораториялық зерттеуден өткізілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары ұйымдастырылып, халалдың маңыздылығы, стандарт талаптары мен ережелері түсіндірілді. Және де бас имам кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, халықты халал өнімді тұтынуға, отандық өндірісті қолдауға шақырды.

АТЫРАУДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау облысындағы «Rumman» фаст-фуд өнімдері, «Ет Өнімдері» кәсіпорны «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталды. Сонымен қатар, Еркебұлан Нұрболатұлы қасапшы куәлігіне ие болды. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

«Rumman» фаст-фуд өнімдері – «Қоғамдық тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты;

«Жаңа тан» кәсіпорны – «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және оны сатуға қойылатын жалпы талаптарға, ауыл шаруашылығы жануарлар мен құстарын союға арналған стандарты»;

Қасапшы – «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» халал стандарты бойынша сертификатталды.

0 пікір
Мұрағат