Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты халал өнімдерге сұраныс екі есеге артқан
Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты халал өнімдерге сұраныс екі есеге артқан
6 ай бұрын 533 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяу шығыс аймағындағы әскери операцияға байланысты әлем халықтарының көбісі Израилге одақтас елдердің тауарларынан бас тартып жатыр, дәлірегі, байкот жариялап, оның орнын шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдермен толықтыруда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sabah ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қараша айының 23-26 аралығында Ыстамбұл мегаполисінде өтетін Дүниежүзілік халал саммитінің жетекшісі Жүніс Ете атап өткендей, соңғы 3 аптада әлемде халал өнімдерге сұраныс екі есеге өскен. Дәлірегі, халал өнімдер саудасы 100%-ға жеткен. Соның ішінде халал опа-далап пен дәрі-дәрмекке дейінгі тауарларға сұраныс күрт артқан. Халал брендтер әлемдегі монополияға «соққы» беруде. Өйткені, халал өнімдер сапасы әлемдік брендтерден асып түспесе, кем түспейді.

0 пікір
Мұрағат