Әлем бойынша жыл ұстазы болып араб мұғалімі танылды
Әлем бойынша жыл ұстазы болып араб мұғалімі танылды
6 ай бұрын 598 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нұра ас-Сарыр есімді саудиялық педагог бүкіл әлемдік ұстаздар сыйлығының иегері болды. Global Teacher Prize атаулы сыйлығын алған тарих пәнінің мұғалімі бір млн долларға ие болды. Аталмыш сыйлықты сарапшылар өз кезегінде осы саладағы Нобел сыйлығымен пара-пар көреді. Бұл сыйлықты 2015 жылдан бері Варкли қоры ЮНЕСКО-мен бірге педагогикалық жетістікке жеткендерге табыс етеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген globalteacherprize.org cайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 130 елдің іріктелген 7000 үміткердің арасынан топ жарып, толағай табысқа кенелген Нұра ас-Сарыр еңбегі еленгені кәсіби шыңдалуына жігер беретінін мәлімдеді. Дегенмен, Нұра ас-Сарыр бұл атаулы сыйлыққа ие болған жалғыз мұсылман әйел емес – 2016 жылы Ханан әл-Хруб есімді пәкістандық мұсылман әйел де ие болған еді.

0 пікір
Мұрағат