«Халал» сертификатына ие 10 құс фабрикасы
«Халал» сертификатына ие 10 құс фабрикасы
2 ай бұрын 1713 muftyat.kz

Елімізде Халал индустриясы қарыштап дамып келеді. Халал саласы тұтынушылармен қатар кәсіпкерлер арасында да үлкен сұранысқа ие болғаны қуантарлық жағдай.

Халал индустрияның сан қырлы салалларының бірі, һәм бірегейі – құс етін өндіру болып табылады.

Бүгінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС – 10 құс фабрикасына Халықаралық деңгейдегі Халал сертификатын беріп отыр. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тауық еттеріне арналған стандарттарды негізге ала отырып, балапан күнінен бастап сою аралығындағы берілетін қорегі, шариғат талаптарына сай қолмен сойылуы, қанның құс денесінен толық ағуы, нәжістерден толық арылтуы, етті өңдеу кезіндегі температуралық режимді сақтау сынды т.б талаптарын бақылауға алып отыр.

Тұтынушылардың сұранысына орай, сертификатталған 10 құс фабрикасын назарға ұсынуды жөн көрдік.

Айта кетерлігі, елімізде 60 астам құс фабрикасы жұмыс істеуде. 

ҚМДБ «Халал Даму»сертификатына ие болған алғашқы ондық құс фабрикасы 

1. «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ   ҚР, Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Бәйтерек ауылы 17

2. "Capital project LTD" ЖШС  ҚР, Ақмола облысы, Целиноград, Гагарина 14 

3. «Алатау-құс» АҚ  ҚР, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылы, Өндірістік аймақ 

4. «Әулие-ата Феникс» ЖШС ҚР, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Индейководческая 4 

5. «Орал Құс Фабрикасы» ЖШС  ҚР, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі 93 

6. «Кызылжар-Кус» ЖШС ҚР, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қызылжар ауылы, Дорожная көшесі, 12 

7. «Компания «Сары-Булак» ЖШС ҚР, 040700, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапай ауылы, «Сары-Булак» құс фабрикасы 4

8. «НУРЛЫ-КУС» ЖШС ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұрлы ауылы, Құрманғазы 1А 

9. «Береке» ШҚ ҚР, Қызылорда қаласы, Бекшораулы көшесі, 72 

10. «Шымкент құс» ЖШС ҚР, Шымкент қаласы, Абай ауданы, ЖМ Қызыл-жар, Жеңіс көшесі №209 

0 пікір
Мұрағат