Алматыда жаңа мешіт ашылды (фото)
Алматыда жаңа мешіт ашылды (фото)
2 жыл бұрын 1548

Бүгін қасиетті жұма күні Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Қайрат елді мекенінде жаңа мешіт ашылды. Мешіттің бас имамы болып Мұратхан Мұхтарханұлытағайындалды. Мешіттің ашылу салтанатына халық көптеп жиналды. Қазақстан мұсылмандары діни басқарасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Түрксіб ауданының әкімі Владимир Николаевич алғы сөзін сөйлеп, мұсылман қауымын құттықтады.  

«Бұл елдің имандылыққа көптеп бет бұрғаны және халықтың жағдайының жақсарғаны, әл-ауқаттың жақсарғаны және бұл бірлігіміздің, тірлігіміздің бір екенін көрсетеді», –  деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.  Бұл Алматы қаласында ашылған 42-ші мешіт. Мешіт жеке кәсіпкерлер мен халықтың көмегімен бой көтерді.  

Зейнеп Қабдұлхаққызы, Қайрат ауылының тұрғыны: 

- Бұл мешіт ашылады дегенді естігенде қуандық. Бүгін көршімнен естіп, бәрін тастап, жүгіріп келдік. Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұылына, елге қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысымды айтамын.

Құл-Керім Елемес, ақын:

- Халықты игілікке, мұсылмандыққа, имандылыққа, ибалыққа тәрбиелейтін мешіттің ашылуы қандай керемет, ғажап нәрсе. Осы мешіттің құрылысына атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын. Елімізде осындай мешіттер көптеп ашыла берсін. 

muftyat.kz

0 пікір